Ақтөбеде ауызсу арзандады

1 Қазан 2023, 06:45
655
Бөлісу:
Ақтөбеде ауызсу арзандады
Фото: baq.kz

Желіні жаңартам деп міндеттеме алып, сол үшін тарифті көтерген монополист уәдесін орындамаған. Ақтөбеде прокурорлар осыны анықтап, жұрттан алған ақшаны өтеуге мәжбүрледі. Енді қала бойынша бекітілген ауыз су тарифінің төмендеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жоспар бойынша Сазды ауданының су құбыры желілері 160 млн теңгеге жаңартылуға тиіс еді. Алайда бұл жоба жүзеге аспаған. Күрделі жөндеу жұмыстары атқарылмаған.

Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде сумен жабдықтауға тариф 4,6%-ға, яғни 1 текше метр үшін 93,5 теңгеден 89,2 теңгеге дейін төмендетілді, - деді облыс прокурорының көмекшісі Өркен Ещанов.

Осылайша, облыс прокуратурасы Ақтөбе қаласының 152 мыңнан астам тұтынушының құқығын қорғады.

Өзгелердің жаңалығы