Ақтөбе қаласының №3 соты атпен серуендеу кезінде жарақат алған азаматтың материалдық және моральдық шығынды өндіру туралы талабын қанағаттандырды.
Іс материалдарына сәйкес, талап қоюшы демалыс орталығында аттан құлап, ауыр жарақат алған. Оқиғадан кейін ол ауруханаға жатқызылып, бірнеше операциядан өткен. Кейін оған ІІ топ мүгедектігі тағайындалған.
Сот барысында атпен серуендеу қызметін көрсеткен жауапкердің қауіпсіздік талаптарын тиісті деңгейде қамтамасыз етпегені анықталды. Соның салдарынан талап қоюшының денсаулығына ауыр зиян келген.
Сот талап қоюшыға келтірілген материалдық және моральдық залал жауапкердің кінәсінен туындаған деген қорытындыға келді.
2026 жылғы 20 наурыздағы сот шешімімен жауапкерден 2 270 098 теңге көлемінде материалдық шығын және 10 миллион теңге моральдық өтемақы өндірілді.