Қайғылы оқиға 8 тамыз күні кешке ERG кәсіпорнының ауласында болған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
24kz мәліметінше, ферроқорытпа зауытының қызметкері әріптестерінің көзінше тіл тартпай кеткен.
Жұмысшылардың айтуынша, кешкі астан кейін ер адам сыртқа шыққан.
Ал әріптестері терезеден оның басына найзағай түсіп, жерге құлағанын көрген.
Найзағайдан қайтыс болу фактісін жедел жәрдем қызметкерлері де растады.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақтөбеде қатты дауыл үйлердің шатырын ұшырып әкеткен.
Сонымен қатар бірер күн бұрын Ақтөбе облысы Хромтау ауданында жантүршігерлік жол апаты салдарынан үш ересек және жарысқа бара жатқан бес оқушы қаза болды.