Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ақтөбеде 26 жылы аялдаманың құрылысы аяқталды

Бүгiн, 13:53
128
Бөлісу:
 Ақтөбе облысының әкімдігі
Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

2025 жылы Ақтөбе қаласында жолаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында 26 жылы аялдаманың құрылысы аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ. өңір әкімдігіне сілтеме жасап.

Бұл нысандар қоғамдық көлік күту кезінде тұрғындардың жайлылығын арттыруға бағытталған.

Жылы аялдамаларда жолаушылар үшін таза, жарық әрі жылы орта қалыптастыру көзделген. Павильондарда таңғы сағат 7.00-ден бастап есіктердің ашық болуы, ішкі тазалық пен жылудың сақталуы негізгі талаптардың бірі болып саналады. Қала әкімдігінің мәліметінше аталған шарттар аялдамаларда кәсібін жүргізуге рұқсат етілетін кәсіпкерлермен жасалатын келісімшартта нақты көрсетіледі. Жылы аялдамалар – қоғамдық орын болғандықтан, мұнда тәртіп пен тазалықтың сақталуы аса маңызды.

Айта кетейік, аялдамалар сәулет бөлімі бекіткен эскизге сай салынған. Электр желісіне қосу үшін қажетті жер жұмыстарының кеш басталуына байланысты кейбір нысандар жыл соңына дейін толық пайдалануға берілмеген. Қазіргі таңда электр қуатын тарту жұмыстары жалғасуда. Қаңтар айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы