Ақтөбе облысында 4 күн ішінде 205 отбасылық жанжал тіркелді

<h4>Астана, baq.kz. Ақтөбе облысында 4 күн ішінде полицейлер 800-ден астам адамды тұрғылықты мекенжайы бойынша тексерді. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады.</h4>

14 Қаңтар 2019 2019, 14:49
 14 Қаңтар 2019 2019, 14:49
14 Қаңтар 2019 2019, 14:49
4650

Астана, baq.kz. Ақтөбе облысында 4 күн ішінде полицейлер 800-ден астам адамды тұрғылықты мекенжайы бойынша тексерді. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады.

2019 жылдың қаңтар айының 08-11 аралығында облыс аумағында жергілікті полиция қызметкерлерінің ат салысуымен «Есепке алу» жедел алдын алу іс-шарасы өтті.

ЖАІШ мақсаты отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынас жағдайындағы қылмыстың, мас күйінде жасалатын құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау, оған қоса құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды уақытылы анықтау және тіркеу сондай-ақ, бас бостандығынан айыру орындарынан мерзімінен бұрын босатылған және қадағаланатын тұлғалардың құқық бұзушылықтарын анықтау болып табылады.

Есепке алу» жедел алдын алу іс-шарасының жүргізілген нәтижесінде полиция қызметкерлері тұрғылықты мекенжайы бойынша 800-ден  астам адамды тексеріп, олардың тарапынан 13 құқық бұзушылықтың жасалуына жол берілгендігін анықтады.

Бұдан басқа, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 243 тұлға анықталынып, ІІО есебіне алынды. Олардың 205 отбасылық жанжалдар тұрғысынан болған.

 


    
Наверх