Ақтөбе–Жайсаң тасжолындағы жол апатынан бір адам қаза тауып, үшеуі ауруханаға түсті

Жүргізушілердің бірі оқиға орнында көз жұмды.

 freepik.com Бүгiн 2026, 13:46
Бүгiн 2026, 13:46
112
Фото: freepik.com

Ақтөбе–Жайсаң тасжолында адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы болды. Lada маркалы үш көлік соқтығысқан апат салдарынан бір адам қаза тауып, тағы үшеуі жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алдын ала мәлімет бойынша, соқтығыс кеше кешкі уақытта болған. Соққының қатты болғаны сонша, көліктерге елеулі механикалық зақым келген.

Жол апаты салдарынан жүргізушілердің бірі оқиға орнында жан тапсырған. Тағы бір жүргізуші мен екі жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті аталған жол апатына байланысты тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатқанын мәлімдеді.

Наверх