Ақтөбе және Қарағанды облыстарында жол қозғалысына шектеу қойылды

6 Наурыз 2023, 09:01
661
Бөлісу:
Ақтөбе және Қарағанды облыстарында жол қозғалысына шектеу қойылды
Фото: дереккөз

Республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

6 наурыз сағат 07:10 ақпаратқа сәйкес 2 облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді, - делінген "ҚазАвтоЖол" ҰҚ хабарламасында.

Ақтөбе облысында "Самара-Шымкент" тасжолының Ақтөбе қаласынан Қарабұтақ ауылына дейінгі аралығында көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді. 

Қарағанды облысында "Алматы-Екатеринбург" тасжолының Жұмабек ауылынан Балқаш қаласына дейінгі аралығында көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді. 

Өзгелердің жаңалығы