"Ақтөбе-Қазан" әуе бағыты қайта іске қосылады

21 Ақпан 2024, 16:45
281
Бөлісу:
"Ақтөбе-Қазан" әуе бағыты қайта іске қосылады
Фото: Артём Чурсинов - архив

QAZAQ AIR әуекомпаниясы 2024 жылғы 1 сәуірден бастап Ақтөбеден Қазанға ұшудың қайта басталғаны туралы хабарлайды, деп жазады BAQ.KZ.

Рейстер аптасына 2 рет дүйсенбі және жұма күндері келесі кесте бойынша орындалады (жергілікті уақыт көрсетілген):

IQ 507 Ақтөбе 17:00–Қазан 16:40

IQ 508 Қазан 17:40 – Ақтөбе 21:20

Сондай-ақ келесі қалалардан транзиттік маршруттар қарастырылған:

Астана -Ақтөбе - Қазан

Атырау – Ақтөбе - Қазан

Тұрақты рейстерді іске қосу Қазақстан мен Ресей арасындағы білім беру, туристік, мәдени және іскерлік ынтымақтастық саласын дамытуға ықпал етеді,   -деп атап өтті QAZAQ AIR баспасөз қызметі.

Билеттерді бүгіннен бастап әуекомпанияның www.flyqazaq.com ресми сайтынан сатып алуға болады.

Өзгелердің жаңалығы