Ақтөбе қаласында жекеменшік тұрғын үйде өрт тұтанып, көрші тұрған үйді өрт шарпыған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқи отырыңыз:
Құтқарушылар өртті сөндірді.
Бүгін Ақтөбеде жекеменшік тұрғын үйлердің бірінде жанында тұрған көрші үйге ауысқан өрт орын алды. Өрт салдарынан 1-2 дәрежелі термикалық арқа күйігі бар 1960 жылы туылған үйдің иесі ауруханаға жеткізілді. Өрттің себебі анықталуда, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.
Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында өрт шақырған сәттен бастап 39 минуттың ішінде жалпы ауданы 160 шаршы метр аланда жойылды.