Полицейлер әскерилермен бірлесіп, жолда тұрып қалған ауыр жүк көлігі жүргізушілерін жылыту пункттеріне жеткізу және көліктерді сүйреп шығару бойынша құтқару жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Полицияның мәлімдеуінше, тек Самара-Шымкент автожолының өзінен (Хромтау және Әйтеке би аудандары) бір күнде 20-дан астам адам жеткізілген.
Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбе облысында екінші күні қолайсыз ауа райы - қар жауып, боран соғуда.