Ақтөбе облысындағы өзендерде жарылыс жұмыстары жүргізілуде

Жұмыстар Ойыл ауданы аумағындағы Ойыл өзенінің екі учаскесінде атқарылды.

 Скриншот Кеше 2026, 22:53
Кеше 2026, 22:53
453
Фото: Скриншот

Ақтөбе облысында көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында су айдындарындағы мұз қабатын әлсірету жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алдын алу шаралары аясында сең кептелісін болдырмау және тасқын судың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін бақылаудағы жарылыс жұмыстары жүргізілді.

Жұмыстар Ойыл ауданы аумағындағы Ойыл өзенінің екі учаскесінде атқарылды. Өңделген аумақтың жалпы көлемі 1500 шаршы метрді құрады.

Наверх