Ақтөбе облысында тапшы мамандықтарға құжат қабылдау тамызда өтеді

13 Шілде 2022, 11:47
2020
Бөлісу:
Ақтөбе облысында тапшы мамандықтарға құжат қабылдау тамызда өтеді

Ақтөбе облысы. BAQ.KZ тілшісі. Биыл Ақтөбе облысында тапшы мамандықтарға арналған гранттарға құжаттар қабылдау 5-10 тамыз аралығында өтеді. Ал мемлекеттік грант нәтижесі 1 тамызда шығады.

Педагогикалық  білім бағдарламалары бойынша жергілікті грантқа құжат қабылдау Жұбанов университетінде  20 тамызға дейін анықталады.
Жалпы талапкерлерді қабылдау жұмыстары 20 маусым мен 31 тамыз аралығында өткізіледі. 20 маусым-7 шілде аралығында шығармашылық білім бағдарламаларына құжат қабылдау жүргізілді. Атап айтсақ, дене шынықтыру және спорт, музыкалық білім, визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау, хореография, дизайн, тағы басқа мамандықтар. Сондай-ақ 20 маусымнан бастап 13 шілдеге дейін педагогикалық білім бағдарламасын таңдаған талапкерлер педагогикалық емтиханнан өтті. Аталған сынақтың мақсаты – оқуға тусушілердің педагогикалық қызметке бейімділігін айқындау. Бұл емтиханнан өтпеген талапкер педагогикалық жоғары оқу орындарына қабылданбайды, – дейді университеттің қабылдау және кәсіби бағдар беру бөлімінің басшысы Рауан Жалтырбаева.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті - өңірдегі көпсалалы білім ордасы. Биыл бұл оқу орнында 13-20 шілде аралығында мемлекеттік грант конкурсына құжат қабылдау жүргізіледі. Биыл абитуриенттерге шамамен 73 мың грант бөлінбек. Ең көп грантты «Машина жасау, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс индустриясы» білім беру бағдарламалары тобы алып отыр, олардың саны - 17 794. Одан кейінгі орында- «Педагогикалық ғылымдар» (10 810), «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» – 9 103, «Жаратылыстану-математика және статистика» – 6 288. 

Биыл техникалық салаларға ерекше назар аударылды, онда мемлекеттік тапсырыстардың үлесі 60 пайызға дейін артты. Халықтың әлеуметтік осал топтарындағы балаларға арналған квоталар саны да ұлғайтылды. Көп балалы немесе толық емес отбасылардың балалары, сондай-ақ отбасында ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған үміткерлер грант алу мүмкіндігіне ие болады. Биыл Президенттің тапсырмасы бойынша алғаш рет білім беру грантының жаңа түрі – «Халықтың тығыз орналасқан және батыс өңірлері жастарының жетекші жоғары оқу орындарында оқуға арналған мақсатты білім гранты» анықталды. Соның арқасында жаңа оқу жылында Атырау және Маңғыстау облыстарынан 10 мың талапкер жоғары оқу орындарында оқуға мақсатты грантқа ие болады. «Атырау-Маңғыстау нысанасы» гранты бойынша конкурсқа биылғы мектеп түлектері қатыса алады. Дегенмен олар «Серпін» бағдарламасына қатыса алмайды, – дейді Рауан Жалтырбаева.

Оның айтуынша, жыл сайын Жұбанов университетіне 300-ге жуық педагогикалық квота бөлінеді. Бұл – педагогикалық білім бағдарламаларына арналған атаулы гранттар. Оған қатысу үшін педагогикалық білім бағдарламаларын таңдап, Жұбанов университетінің 005-кодын көрсету жеткілікті.

Грант конкурсына мамыр-шілде аралығында ҰБТ тапсырған талапкерлер қатыса алады. Педагогикалық және құқық білім бағдарламалары үшін шекті балл – 75, басқа білім бағдарламалары үшін – 50 балл. Және әрбір пәннен 5 балдан жоғары болуы керек.

Биыл жергілікті бюджет қаражатынан бөлінетін гранттарға құжат қабылдау 5-10 тамыз аралығында өткізіледі. Бұл – Ақтөбе облысының мектеп түлектеріне арналған облысқа тапшы мамандар бойынша жергілікті гранттар. Педагогикалық  білім бағдарламалары бойынша жергілікті грантқа құжат қабылдау Жұбанов университетінде 20 тамызға дейін анықталады, – дейді бөлім басшысы.

Өзгелердің жаңалығы