Ақтөбе облысында жол апаты болды, деп хабарлады BAQ.KZ.
8 қыркүйек күні сағат 07:30 шамасында ВАЗ-2114 автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі Шұбарқұдық ауылы жағынан Қандыағаш қаласы бағытында келе жатып, рульді басқара алмай, қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып кетіп, Nissan Teana автокөлігімен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жүргізуші мен екі жолаушы Темір орталық аудандық ауруханасына жатқызылды.
Кейін Nissan Teana автокөлігінің жолаушысы қайтыс болғаны анықталды.