Ақтөбе облысында меморандумдар неге жүзеге асырылмай жатыр

14 Мамыр 2024, 15:17
429
Бөлісу:
Ақтөбе облысында меморандумдар неге жүзеге асырылмай жатыр
Фото: автордан

Ақтөбе облысында осыдан 1,5 жыл бұрын қол қойылған меморандумдар толық жүзеге асырылмайтын болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Нақтырақ айтсақ, 2022 жылдың соңында сол кездегі Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов Астанада өткен VII Халықаралық инвестициялық форумда өңір басшылығы қай кезде де ірі жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін айтып, инвесторларды тартуда белсенділік көрсеткен-ді. Форумда облыста ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша 8 меморандумға қол қойылған. Олар: қант зауыты, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен теміржол дөңгелектерін шығаратын кәсіпорындар, рельс дәнекерлеу зауыты, мұнай-химия кешенінің құрылысы және тағы басқалар.

Біз аталған келісімдердің орындалып-орындалмай жатқанын Ақтөбе облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасынан білген едік. Белгілі болғандай, аталған жобалардың көбі жүзеге асырылмайтын болыпты.

Аталған форумда жалпы көлемі 2,7 триллион теңгеге 8 меморандумға Ақтөбе облысы әкімдігі мен жоба бастамашылары арасында қол қойылған болатын. Өкінішке қарай, 4 инвестициялық жоба, атап айтсақ, мұнай-химия кешенін, шекер зауытын, теміржол дөңгелектері мен медициналық құралдарын өндіру жобаларын әртүрлі (геополитикалық жағдай, табиғи сипаттағы төтенше жағдай, қаржы мәселесі) себептерге байланысты жоба бастамашылары іске асырудан бас тартты. Ал «ПЗТМ LTD» серіктестігінің 800 метрлік жіксіз рельстерді шығару жобасы мен ERG компаниясының «Хромтау-1» жел электр станциясының құрылысы, «Қазақстан Тәуілсіздігіне 10 жыл» шахтасының екінші кезеңі жүзеге асырылып жатыр, — деді облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұртуған Оралбаев.

Өзгелердің жаңалығы