Ақтөбе облысы Шалқар ауданында мектеп оқушысы көз жұмды. Полиция қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Шалқар ауданындағы ауыл мектебінің жоғары сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсаған. Желіде оның буллингтің кесірінен өлімге әкелетін қадамға баруы мүмкін деп жазады.
Шалқар аудандық ішкі істер бөлімі кәмелетке толмаған баланың өз-өзіне қол жұмсауына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Себебі анықталуда, - деді Ақтөбе облыстық полиция департаменті.