Ақтөбе облысында мәслихат хатшысы Сенат депутаты болды

14 Қаңтар 2023, 13:29
1469
Бөлісу:
Ақтөбе облысында мәслихат хатшысы Сенат депутаты болды
PHOTO
Фото: автордан

Ақтөбе облысында ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына үш үміткер түсті, деп хабарлайды Ақтөбе облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Ола- облыстық мәслихат хатшысы Амангелді Нұғманов, “Атамекен” өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Дана Бекбауова және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің проректоры Рахым Бекназаров.

Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлыбек Жүсіповтің айтуынша, облыста 192 депутат болса, Сенат депутаттарын сайлауға  соның 178-і қатысқан.

Ақтөбе облысында мәслихат хатшысы Сенат депутаты болды

Сенат депуттаттарын сайлауға облыс бойынша азаматтардан 5 өтініш түсті, оның 4-еуі- өзін-өзі ұсынса, бір үміткерді Хромтау және Мәртөк аудандарының мәслихаттары ұсынған. Аталған бес үміткердің үшеуі ресми тіркеуден өтті. Бүгін осы үш үміткерге мәслихат депутаттары дауыс беріп, өз таңдауларын жасады,-дейді ол.

Сайлау кезінде барлық депутаттар дауыс беру бюллетеньдерін толтырып, өз таңдауларын жасады. Сайлаудың әділ, заңды түрде өтуіне онға жуық байқаушы бақылап отырды. 

Байқаушылардың бірі, партиялық емес байқау орталығы облыстық филиалының төрағасы Нұржан Шаңғытбаевтың айтуынша, сайлау ашық әрі әділ түрде өткен. 

Ақтөбе облысында мәслихат хатшысы Сенат депутаты болды

Сенат депутаттарын сайлауға алғаш рет қатысып отырмын. Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы дауыс беру шарасы басталмастан бұрын бюллетеньдер салынатын урна мен пунктерді алдын ала көрсетіп, заңдылықтарды айтып берді. Мәслихат депутаттары кезек-кезегімен дауыс беріп, өз таңдауларын жасады. Бәрі заңды түрде жүргізілді,-дейді ол.

Сонымен сайлау қорытындысына келсек,  Дана Бекбауоваға 15 адам, Амангелді Нұғмановқа 148 адам, Рахым Бекназаровқа 11 адам дауыс берген. 

Ақтөбе облысында мәслихат хатшысы Сенат депутаты болды

Ал 4 депутат “бәріне қарсы” графасын белгілеген.

Шара соңында Нұрлыбек Жүсіпов дауыс беру нәтижелері Орталық сайлау комиссиясына жіберілетінін хабарлап, ең көп дауыс жинаған немесе депутаттардың 83 пайызы қолдаған үміткер- Амангелді Нұғмановқа сәттілік тіледі.

Өзгелердің жаңалығы