Ақтөбе облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ "ҚазАвтоЖол" компаниясына сілтеме жасап.
27 қарашада сағат 08:00-да Ақтөбе облысында 89 км автожолда орналасқан теміржол өткеліндегі рельстерді ауыстыру бойынша жөндеуге байланысты "Қарабұтақ – Комсомольский – Денисовка – Рудный - Қостанай” автожолының 83-198 шақырым аралығында (Т.Жүргенов ауылынан Айке ауылына дейін) жүк және қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады, - делінген хабарламада.
Жолды 27 қараша сағат 14:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.