Ақтөбе облысындағы су тасқыны аймағынан адамдарды әскери тікұшақтармен эвакуациялау жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бүгін ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының күшімен Қорғаныс министрлігімен бірлесіп кезекті арнайы операция өтті.
Есіл ауданының Көптоғай ауылдық округінің су басқан аймағынан құтқарушылар альпинистік жабдықтың көмегімен 7 жергілікті тұрғынды эвакуациялады.
Зардап шеккендер жоқ.