Ақтөбе облысында 441 отбасыға біржолғы әлеуметтік көмек берілді

10 Сәуір 2024, 14:51
419
Бөлісу:
Ақтөбе облысында 441 отбасыға біржолғы әлеуметтік көмек берілді
Фото: Скрин

Ақтөбе облысында электр желісінен ажыраған елді мекендердер саны 55-ке жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев мәлімдеді.

Бұған дейін электр желісінен ажыраған 5195 абононет болса, қазір ол көрсеткіш 9 есега азайтылған.

Облыстағы 22 елді мекенде 646 абонент электр энергиясынан ажыратулы. Дегенемен барлық тұрғындарға генератор арқылы тоқ беріліп жатыр. Осы уақытта энергия система мекемесі барлық ауылдарды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. 16 бригада, 60 техника жұмыс атқарып жатыр. Қазір 11 елді мекенмен жол қатынасы уақытша үзіліп тұр. Салыстармалы түрде 30 наурызда 17 елді мекен болған. Кеше Алға, Қарабұлақ жолдары ашылды,- деді спикер.

Өңірде біржолғы әлеуметтік көмек беру жалғасып жатыр.

Көмек бойынша 955 құжат қабылданды. Оның 441 отбасына 143 млн теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік төлем жүргізілді. Қалған 514 отбасының құжаттары қаралымда. Су тасқыны салдарынан 1087 тұрғын үй, 47 ғимарат, 232 аула, 852 саяжай зақымданған,- деді Асылбек Есенбаев.

Өзгелердің жаңалығы