Ақтөбе облысында 200-ден астам кәсіпкер заңсыз жауапқа тартылған

3 Қазан 2023, 04:32
566
Бөлісу:
Ақтөбе облысында 200-ден астам кәсіпкер заңсыз жауапқа тартылған

Ақтөбе облысында заңсыз жауапқа тартылған кәсіпкерлердің құқы қорғалды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Заңсыз жауапқа тартылған кәсіпкерлердің саны 200-ден асады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама нормаларының талаптарын сақтамау фактілерін облыстық прокуратура анықтады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 62-бабы 1-бөлігіне сәйкес міндетті медициналық сақтандыруды уақтылы төлеу туралы талаптарды бұзғаны үшін адамдар 2 ай ішінде жауапқа тартылу керек болған. Алайда, облыстың салық органдары бұл талапты қате қолданып, 200-ден астам кәсіпкерді әкімшілік жауапқа тартқан, - дейді ведомство.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша салық органдарының 200-ден астам заңсыз әкімшілік қаулыларының күші жойылып, кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды. Ал кінәлі мамандар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Өзгелердің жаңалығы