Ақтөбе облысында 14 жастағы оқушыны зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды

Ақтөбе облысында мектеп оқушысына қатысты қылмыс тергеліп жатыр.

 depositphotos.com Бүгiн 2026, 17:30
Бүгiн 2026, 17:30
231
Фото: depositphotos.com

Ақтөбе облысында 14 жастағы мектеп оқушысын зорлады деген күдікпен 25 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдікті қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабы («Зорлау») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция өкілдері қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатқанын атап өтті.

Толық әрі жан-жақты тергеу нәтижесі бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады. Тергеу мүддесіне, сондай-ақ кәмелетке толмаған жәбірленушінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында өзге ақпарат жария етілмейді, - деп хабарлады Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін де бұл өңірде осындай зорлық-зомбылыққа қатысты іс тіркелді. Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім жүкті болып қалған. Аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ, Шымкент қаласында да мектеп оқушысына қатысты орын алған оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды. 7 жасар қыздың анасы мұғалімге қатысты ауыр айыптаулар айтып, құқық қорғау органдарына жүгінген. Анасының айтуынша, мұғалім баланы тізесіне күштеп отырғызып, оның денесіне қол жүгірткен. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталды.

Наверх