Ақтөбе облысына Ұлттық экономика министрі келді

5 Тамыз 2022, 20:30
1371
Бөлісу:
Ақтөбе облысына Ұлттық экономика министрі келді
PHOTO
Фото: автордан

 Бүгін Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келген  Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандарды аралап, өңірдегі бизнес қауымдастығымен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алдымен министр облыс орталығындағы Батыс-2 ауданында салынып жатқан жолдың құрылысымен танысты. 
Биыл бұл аумақта жалпы ұзындығы 2,3 шақырым болатын Тәуелсіздік даңғылында 8 жолақты жол салынып жатыр. Бұл жобаға 1,9 млрд теңге бөлінген. 

Бұдан кейін министр мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында салынған балалар онкогематология орталығының жұмысымен танысты. Орталықта 100 орындық стацонар бар, сондай-ақ бір кезеңде 50 баланы қамту көзделген.  Орталықта алдағы уақытта 150 маман жұмыс істейді. 

Ақтөбе облысына Ұлттық экономика министрі келді

Әлібек Қуантыров сондай-ақ Мәртөк ауданындағы орта мектепті, спорт кешенін, сауықтыру-дене шынықтыру орталығын аралады. Бұдан бөлек,  керамикалық плиткалар шығаратын “Зерде Керамика Ақтөбе” ЖШС-ның жұмысымен танысып, кәсіпорын жұмысшыларымен тілдесті. 

Ұлттық экономика министрі облыстық “Атамекен” кәсіпкерлер палатасында өңірдің кәсіпкерлерімен кездесу өткізді.
 Кездесуде жергілікті бизнес өкілдері салық төлеу, өндіріс ғимараттарында бос орындарды жалға беру, отандық өнімдерді шығаруға қолдау көрсету, тағы басқа да өзекті мәселелер бойынша өз сауалдары мен ұсыныстарын жеткізді.

Іс-шара барысында Әлібек Қуантыров кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып берді және ақтөбелік кәсіпкерлер көтерген мәселелер назардан тыс қалмайтынына сендерді.

Қазіргі таңда елімізде орта және шағын кәсіпкерлікті дамытуға үлкен қолдау көрсетілуде. Бұл мақсатта түрлі бизнес жобалар, бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Сіздер қозғаған мәселелер барлық өңірде өзекті, сондықтан алдағы уақытта бұл проблемаларды шешуге тырысамыз,-деді министр.

Одан кейін министр өңірлік палатада Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының жұмысымен танысты. Бүгінде бұл орталықта әйелдер жеңілдікпен кредит алу, өткізу нарықтарын кеңейту мәселелері бойынша кеңес алады, сондай-ақ оқу бағдарламалары мен іс-шараларға қатысады. 

Орталық өңірлік палатада биыл наурыз айында ашылды. Содан бері облыста 323 әйел кеңес алып, оларға мыңнан астам қызмет көрсетілді. Нан және кондитерлік өнімдер өндірісі, бьюти  бағыттары бойынша 35 әйел бейінді оқытудан өтті. Биыл бейіндік оқытумен жоспар бойынша 50 ақтөбелік қамтылады. Негізінен бұл жобаға көп балалы аналарға, жастарға, аз қамтылған отбасыларға және еңбекке қабілетті мүгедектер тартылады, — дейді "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлік палатасының директоры Дана Бекбауова.

Бұдан кейін Әлібек Қуантыров Ақтөбе облысында құрылыс материалдарын, медициналық құрылғылар, тұрмыстық заттар өндіретін кәсіпорындардың дайындаған көрмесін қарады. 

Жұмыс сапарының соңында Ұлттық экономика министрі “Даму” қорының жұмысымен танысып, мекеме қызметкерлерімен тілдесті. 
Айта кету керек, биыл 7 ай ішінде “Даму” қоры 4749 жобаға қолдау көрсетіп, субсидия берген. Сондай-ақ кепілдік беру бойынша 3466 келісімшартқа қол қойылған. 

Өзгелердің жаңалығы