Ақтөбе облысы тұрғындарының 93,4 пайызы газбен қамтылған

11 Желтоқсан 2023, 15:44
517
Бөлісу:
Ақтөбе облысы тұрғындарының 93,4 пайызы газбен қамтылған
Фото: ОКҚ

Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында облыс әкімі Асхат Шахаров мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Облыс әкімінің айтуынша, жыл басынан бері 17 ауыл газбен қамтылған.

Президент өз Жолдауында ауылдық елді мекендерді одан әрі газдандыру қажеттігін де атап өтті. Бүгінде облыс тұрғындарының 93,4 пайызы газбен қамтылған. Жыл басынан бері 17 ауыл газдандырылды, жыл соңына дейін облыс тұрғындарының 95,5 пайызын газбен қамтамасыз етеміз, келесі жылы 8 ауылды газдандыру жоспарланған, - деді өңір басшысы.

Сондай-ақ облыста 2025 жылға қарай 100% сапалы сумен қамтамасыз ету жұмысы тұр. Бұл мәселені де облыс басшысы тілге тиек етті.

Биылғы жылдың соңына дейін 27 ауылды сумен қамтамасыз етеміз және бұл көрсеткішті 99,2 пайызға жеткіземіз. Келер жылы 11 ауылды сумен қамту жобаларын жүзеге асыру арқылы бұл көрсеткіш 99,8 пайызға жетеді, - деді Асхат Шахаров.

Бұған дейін Ақтөбе облысында 350 мың гектар жер мемлекетке қайтарылғаны анықталды.

Өзгелердің жаңалығы