Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ақтөбе мен Ескішіл арасындағы жол жөнделетін болды

16 Сәуір 2025, 14:27
607
Бөлісу:
 gov.kz
Фото: gov.kz

Түркістан облыстық мәслихаттың бюджет, экономика және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысында 2025–2027 жылдарға арналған облыстық бюджетке енгізілетін өзгерістер талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жиында халық қалаулылары бюджет қаржысын тиімді бөлу мәселелеріне қатысты ұсыныстарын білдіріп, бірқатар нақты сауалдар жолдады.

Атап айтқанда, облыстық мәслихат депутаты, тұрақты комиссия мүшесі Нұржан Сейітжанов Отырар ауданындағы Ақтобе мен Ескішіл ауылдары арасындағы 8 шақырымдық жолдың жағдайын көтерді. 

Тұрғындар тарапынан келіп түскен өтініш негізінде депутат аталған жолды жөндеуге 800 миллион теңге қаржы бөлуді сұрап, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына, сондай-ақ жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына депутаттық сауал жолдады.

Мәселе комиссия отырысында кеңінен талқыланып, халық қалаулылары бірауыздан қолдау білдірді. Нәтижесінде бұл ұсыныс мәслихат сессиясының қарауына ұсынылып, қолдау тапты.

Айта кетейік, Нұржан Серікжанұлы бұған дейін де Отырар ауданындағы бірнеше мәселенің оң шешілуіне мұрындық болған. 2024 жылдың өзінде депутат 26 депутаттық сауал жолдап, олардың 18-і нақты шешімін тапқан.

Өзгелердің жаңалығы