Ақтөбелік мемлекеттік қызметкерлер түрмедегілердің өмірімен танысты

22 Қаңтар 2019, 21:55
3384
Бөлісу:
Ақтөбелік мемлекеттік қызметкерлер түрмедегілердің өмірімен танысты
PHOTO

Ақтөбе, BAQ.KZ. «Кинода бір бөлек, ал шын мәнінде, мүлдем өзгеше» дәл осылай «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобасы аясында өткен «Бостандығыңды бағала!» атты ерекше науқанға қатысқан мемлекеттік қызметшілер өздерінің сезімдерін сипаттады.

Ақтөбелік мемлекеттік қызметкерлер түрмедегілердің өмірімен танысты

Іс-шараға барлығы 30ға жуық мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

Ақтөбелік мемлекеттік қызметкерлер түрмедегілердің өмірімен танысты

Шараны «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі және Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті департаменті бірігіп ұйымдастырды.

Шара барысында КА-168/1 мекеме қызметкерлері тұтқындалған азаматтардың қамаудағы жағдайларымен таныстырды.  

Ақтөбелік мемлекеттік қызметкерлер түрмедегілердің өмірімен танысты

Айта кету керек, қазіргі таңда 4 азамат сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін қамауға алынып, сот отырысын күтуде.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысы Расул Медетовтың айтуынша  шара мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетін қалыптастырып, олардың өз көздерімен сотталғандардың жазасын өтеу барысындағы жағдайларымен және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының салдарымен таныстыруға бағытталған.

«Осындай шаралардың нәтижесінде Ақтөбе облысы сыбайлас жемқорлық деңгейі ең төмен өңірлердің үштігіне кіргендігін жоққа шығаруға болмайды», - деді Р. Медетов.

Ақтөбе облыстық құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті басқармасының дерегіне сәйкес 2018 жылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағаны үшін 66 адам жауапкершілікке тартылды.

Өзгелердің жаңалығы