Ақтөбе әуежайының жұмысы қалпына келтірілді

27 Наурыз 2024, 23:14
368
Бөлісу:
Ақтөбе әуежайының жұмысы қалпына келтірілді
Фото: скрин

ТЖМ күшімен Ақтөбе әуежайының жұмысы қалпына келтірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Күні бойы әуе айлағының аумағында Ақтөбе өңірінің құтқарушылары су айдау жұмыстарын жүргізді. Жергілікті атқарушы органдар өз кезегінде облыстық маңызы бар автожол учаскесін жасанды түрде жарып жіберді. Бұл жинақталған еріген суды ағызуға мүмкіндік берді. Себебі баламалы айналма жол бар.

Қазіргі уақытта Ақтөбе әуежайындағы рейстер жаңартылды.

Өзгелердің жаңалығы