Әлеуметтік желіде Scat авиакомпаниясының Алматыға ұшып бара жатқан ұшағында жолаушының қайтыс болғаны ақпарат тарады. Ұшу кезінде адамның жағдайы нашарлап борт Ақтөбе әуежайына қайта оралған, деп хабарлайды BAQ.KZ Tengri Travel-ге сілтеме жасап.
Компанияның хабарлауынша, DV712 Ақтөбе – Алматы рейсі барысында бір жолаушы әйелдің жағдайы «күтпеген жерден нашарлаған».
Экипаж медициналық дабыл беріп, алғашқы көмек көрсетуге кірісті. Шақыруға медициналық білімі бар жолаушылар, оның ішінде кардиолог-дәрігер де үн қатты. Олар бортсеріктермен бірге реанимациялық шаралар жүргізді, – деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Әуе кемесінің командирі әуежайға қайта оралу туралы шешім қабылдағаны нақтыланды.
Ұшақ қонғаннан кейін әйел жедел медициналық жәрдем тобына тапсырылды. Олар реанимациялық шараларды жалғастырғанымен, кейін оның қайтыс болғанын анықталды, – деді компания өкілдері.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, әуе жағдайында жолаушыға көмек көрсету үшін «барлық мүмкін шара қолданылғанын». Авиакомпания марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтты.