Ұшақ апаты: Ақтауға көмекке санавиация ұшағы жөнелтілді

Кеше, 21:45
479
Бөлісу:
Ұшақ апаты: Ақтауға көмекке санавиация ұшағы жөнелтілді
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Астанадан Ақтауға ұшақ апатынан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін санитариялық авиация ұшағы қонды, деп хабарлайды BAQ.KZ Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Бортта құрамында екі реаниматолог, 4 травматолог, нейрохирург және комбустиолог бар ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының мобилдік бригадасы бар.

Ұшақ апаты: Ақтауға көмекке санавиация ұшағы жөнелтілді

Қазіргі уақытта Маңғыстау көпбейінді ауруханасына 27 зардап шегуші жеткізілген, Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов бар. Ол зақым алған және жарақаттанған пациенттерді қарап-тексереді, келген мамандарды тарта отырып, медициналық көмекті ұйымдастыру мәселелерімен айналысады.

Ақтау әуежайы маңындағы жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған жерден облыстың медициналық мекемелеріне 29 зардап шегуші жеткізілді. Оның ішінде Маңғыстау облыстық ауруханасына 27 зардап шегуші жеткізілді.

Ұшақ апаты: Ақтауға көмекке санавиация ұшағы жөнелтілді

Ауруханаға жеткізілген 27 ауыр пациенттің 11-і реанимацияға жатқызылды.

Облыстық балалар ауруханасына 11 және 16 жастағы 2 бала түскен, оларға операция жасау жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы