Ақтаудың ортасындағы жер телімі қоқыс үйіндісіне айналған

Ақтау қаласының әкімдігі бұл мәселеге қатысты түсініктеме берді.

 lada.kz Бүгiн 2026, 02:34
Бүгiн 2026, 02:34
497
Фото: lada.kz

Ақтау қаласының тұрғындары 6А шағынауданындағы жер телімінің стихиялық қоқыс полигонына айналғанына шағымданды, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Олардың айтуынша, белгісіз адамдар бұл аумаққа ірі көлемдегі қоқыстарды әкеліп тастап, кейбірі белгісіз сұйықтықтарды төгетін орын ретінде пайдаланып жүр.

Тұрғындардың сөзінше, аумаққа көлікпен келетін адамдар құрылыс қалдықтары мен тұрмыстық қоқысты жиі тастайды. Сондай-ақ, бұл жер күмәнді адамдар жиналатын орынға айналған.

Ақтау қаласының әкімдігі бұл мәселеге қатысты түсініктеме берді. Әкімдіктің мәліметінше, кадастрлық нөмірі 13-200-020-509 болатын 3,18 гектар жер телімі жеке меншікте және Терминал Порт Сервис ЖШС-не тиесілі.

Құжаттарға сәйкес, бұл аумақта тұрғын үй кешендері, бизнес-орталық, спорттық-сауықтыру және медициналық кешендер, қонақүй, қоғамдық тамақтану орындары, сауда нысандары мен автосервис салу жоспарланған.

Әкімдік дерегінше, жер телімі бұрын бірнеше рет иесін ауыстырған: 2010 жылы ол MOBILEX ENERGY LIMITED ЖШС-не рәсімделіп, 2011 жылы жеке меншікке берілген. 2020 жылы жер телімін Кишар ЖШС сатып алған, ал 2022 жылы ол Терминал Порт Сервис компаниясына өткен.

Қалалық жер қатынастары бөлімінің мамандары аумаққа мониторинг жүргізіп, жер телімінде тұрмыстық қатты қалдықтар мен қоқыстың жиналғанын анықтады.

Аталған мәселе бойынша шара қабылдау үшін материалдар Жер ресурстарын басқару комитетінің өңірлік департаментіне және Экология департаментіне жолданды.

Наверх