Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Ақтау портынан Бакуге жүк таситын танкердің іске қосылғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Облыс өзінің көліктік-логистикалық мүмкіншілігін толық пайдалану бағытында орталық мемлекеттік органдармен бірге қызмет атқарып жатыр. Атап айтқанда, Ақтау және Құрық порттарын кеңейту және контейнерлік және басқа жүктерді жөнелту мәселелеріне ден қойып отыр. Кеше Ақтау портынан Бакуге мұнай таситын екі танкерді іске қостық. Бұл тиелетін жүктің артуына мүмкіншілік туғызады, - деді Нұрлан Ноғаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.