Ақтаудағы ұшақ апаты: Тергеу бойынша есеп жыл соңында дайын болады

19 Ақпан 2025, 10:58
249
Бөлісу:
Ақтаудағы ұшақ апаты: Тергеу бойынша есеп жыл соңында дайын болады
VIDEO
Фото: Үкімет

Бұл туралы Үкімет отырысының брифингінде Көлік вице-министрі Талғат Ластаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

AZAL әуе компаниясының ұшағы апатының тергеу нәтижелері туралы есеп 2025 жылдың желтоқсанына дейін дайын болады. ИКАО-ның талаптары мен ұсынылатын тәжірибе стандарттарына сәйкес, тергеу бір жылға созылады. Осыған байланысты 2025 жылдың желтоқсанына дейін тергеу бойынша қорытынды есеп аяқталады, - деді ол.

Айта кетейік, 2024 жылғы 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға бағыт алған ұшақ Ақтаудан бірнеше шақырым жерде құлаған еді. Бортта Әзербайжан, Ресей, Қырғызстан және Қазақстаннан 62 жолаушы мен бес экипаж мүшесі болған. 38 адам, оның ішінде алты қазақстандық қаза тапты. 29 адам аман қалды.

Өзгелердің жаңалығы