Ақтаудағы концертті 100 мыңға жуық көрермен тамашалады

6 Сәуір 2025, 07:19
513
Бөлісу:
Ақтаудағы концертті 100 мыңға жуық көрермен тамашалады
Фото: Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

«Ақтау -түркі әлемінің астанасы» іс-шарасын ұйымдастырушылар жағалауда 100 мыңға жуық көрермен жиналғанын мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бастапқыда дрон операторлары мерекелік тойға 50 мыңға жуық халық жиналған деп болжаса, кейінірек халықтың саны 100 мыңдай болғаны анық көрінді», - делінген хабарламада.

Мерекелік бағдарлама түркі әлемінің ортақ мәдени мұрасын танытқан хореографиялық және вокалдық ұжымдардың өнер көрсетуімен өрбіді. Сахна төрінде Қазақстан мен ТҮРКСОЙ-ға мүше елдердің жұлдыздары: Димаш Құдайберген, Kalifarniya (Қазақстан), Мейірбек Атабеков (Қырғызстан), Роза Зәргерлі (Әзербайжан), «Ялла» тобы (Өзбекстан) өнер көрсетті.

Өзгелердің жаңалығы