Ақтаулық фитнес жаттықтырушы Алина Серікованың өліміне қатысы бар басты фигурант Нұргелді Сейтқалиев өмір бойына, ал Еркебұлан Аманқос – 16 жылға, Жалғас Үсенғалиев – 13 жылға, Дархан Құлбас – 13 жылға, Аралбай Мерей – 13 жылға сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Маңғыстау соттарының мәліметінше, 2025 жылы 31 қаңтарда Маңғыстау облысының апелляциялық сот алқасы С.Н, Е.А., А.М., У.Ж. и К.Д. қатысты қылмыстық ісін апелляциялық тәртіпте қайтадан қарады.
Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы қылмыстық іс материалдарын зерделеп, сот үкімін бұзып, жаңа айыптау үкім қабылдады.
Сот алқасы анықтағандай, сотталушылар А.М., У.Ж., К.Д. и С.Н. телеграм каналы арқылы «Мефедрон» психотроптық заттарын заңсыз сатып алған. Есірткілік масаң күйде сотталушылар жәбірленушіні ұрып-соғып, күштеп автокөлікке отырғызып, ұрлап кеткен. Арада біраз уақыт өткен соң, сотталушылар А.М., У.Ж., К.Д. жәбірленушіні сотталушылар С.Н. мен Е.А. қастарында қалдырып, оқиға орнынан кетіп қалған, - делінген хабарламада.
Әрі қарай, С.Н. автокөлік ішінде жәбірленшуіні күш қолданамын деп қорқытып, психотроптық зат «мефедронды» қолдануға мәжбүрлеп, сексуалдық сипаттағы өзге әрекеттер мен еркінен тыс зорлаған.
Сотталушылардың іс-әрекеттері жәбірленушіні өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізген.
Сот алқасының үкімімен:
- С.Н. ҚК-нің 296-б. 2- б., 125-б. 3-б. 3) тарм, ҚК-нің 299-б. 4-б., 121-б. 3-б. 2) тар., 120-б. 3-б.2-тар.), 126-б. 3-б. 3) тар., 194-б. 2-б. 1,2) тар., 105-б. 2-б. 3-тар.) кінәлі деп танып, ҚК-нің 58-б. 4-б. қолдану арқылы өмір бойына бас бостандығынан;
- Е.А. 125-б. 3-б. 3) тар., 126-б. 3-б. 3) тар., 28-б. 5-б., 121-б. 3-б. 2) тар., 28-б. 5-б, 120-б. 3-б. 2-тар., 126-б. 3-б. 3) тар., 194-б. 2-б. 1,2) тар., 105-б. 2-б. 3) тармағымен, ҚК-нің 58-б. 3-б. қолдану арқылы 16 жылға бас бостандығынан;
- А.М., У.Ж. и К.Д. ҚК-нің 296-б. 2- б., 125-б. 3-б. 3) тарм., 105-б. 2-б. 3) тар. кінәлі деп танылып, ҚК-нің 58-б. 3-б. қолдану арқылы А.М. мен К.Д. 13жылға бас бостандығынан айыруға, ал У.Ж. 58-б. 3-б. және 60-б. 1,4 б. қолданып, 13 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сотталушылардан ортақтасқан түрде жәбірленуші С. пайдасына 19 618 415 тенге материалдық шығын және 30 000 000 тенге моральдық шығын өндірілді.