Ақтаудағы алаңға жиналғандар біртіндеп тарай бастады

6 Қаңтар 2022, 18:05
1351
Бөлісу:
Ақтаудағы алаңға жиналғандар біртіндеп тарай бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтау қаласындағы ахуал әлі де күрделі, деп хабарлайды «Хабар24».

 

«Интернет әлі де қосылмады, мобильді байланыс іркіліспен істеп тұр. Супермаркеттер, дүкендер жұмысын тоқтатқан. Шағын сауда орындары бар, алайда бұл жерлерде тауар тек қолма-қол ақшаға өткізіліп жатыр. Банкоматтарда ақша шешіп алу мүмкін емес», - делінген ақпаратта.

Белгілі болғандай алаңдағы халық біртіндеп үйлеріне тарап жатыр.

«Кейбір адамдар «Ынтымақ» алаңынан біртіндеп тарап жатыр. Ақтаудағы алаңда адамдар әлі де тұрғанын байқауға болады. Алайда осыған дейін алаңға тұрғындарды шақырған белсенділер, енді сабырға шақырып, халықты үйлеріне тарауға және жиналмауға үндеу жасап жатыр. Сонымен қатар, қала коменданты үндеу жасап, ақтаулықтарды арандату әрекеттеріне ермеуге шақырды. Себебі олардың барлық заңсыз іс-қимылы заңмен қудаланады», - делінген ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы