Ақтауда жігіттің қызды аяусыз ұрып-соққан кезі видеоға түсіп қалды

Бүгiн, 15:29
224
Бөлісу:
Ақтауда жігіттің қызды аяусыз ұрып-соққан кезі видеоға түсіп қалды
VIDEO
Фото: скрин

Ақтауда мекемелердің бірінің жанында ер адамның қызды ұрып-соғып жатқан сәті видеоға түсіп қалған. Полиция бұл оқиғаға түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бейнежазбада ер адамның қыздың жағынан тартып жібергенін көруге болады. Соққының соншалықты күшті болғанынан қыз сүрініп кетеді. Кейін ер адам қайтадан қызды бетінен ұрады, бұл соққыдан кейін қыз құлап түседі.

Жақын жерде тұрған жігіттер жағдайға араласпайды. Бір ғана жас жігіт қызды қорғауға тырысады, бірақ нәтиже болмайды.

Кейін жәбірленуші оқиғаның суреті мен бейнесін әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен. Кадрларда оның денесінде және бетінде көптеген гематоманы көруге болады. Оның жазбасына қарағанда ер адам оған қол көтергені бірінші рет емес екен.

Бұрын да ол маған қол көтерген. Мен бұл жайында анама да айтпадым, өйткені шыдадым. Мен бірінші кезекте оны, оның ата-анасын аяйтынмын. Жаз мезгілінен бастап барлығы маған полицияға арыз жазу керегін айтты. Бірақ оны кешіріп, аядым. Әрдайым оның анасы туралы ойладым, анасына оның ұлының осындай қатыгез адам екенін білу қаншалықты қиын екенін ойлайтынмын. Бірақ мұның барлығы өзіме кесірін тигізді, - делінген жазбада.

Маңғыстау облысының полиция департаменті ұрып-соғу туралы бейнеге қатысты түсініктеме берді.

Патрульдік экипаж бұзақылық әрекеттердің алдын алды. Оқиғаға қатысушылар анықталып, полицияға жеткізілді. Ұрып-соғу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады ведомстводан.

Сонымен қатар, Маңғыстау облысының прокуратурасы қызды ұрып-соғу фактісі бойынша ҚК 109-1-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Өңірдің полиция департаментіне тиісті тапсырма берілді.

Өзгелердің жаңалығы