Ақтауда жасөспірім 6-қабаттан секіріп кетті

3 Мамыр 2023, 22:57
714
Бөлісу:
Ақтауда жасөспірім 6-қабаттан секіріп кетті
Фото: zhasalash.kz

Ақтаудағы 4-шағын ауданда жасөспірім тұрғын үйдің 6-қабатынан құлап қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға туралы хабарлама 2 мамыр күні 07:20-да түскен.

Жедел тергеу тобы оқиға орнына барды. Мән-жайды анықтау барысында жас жігіттің 6-қабаттан өзін лақтырып жібергені белгілі болды. Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге итермелеу») бойынша Ақтау полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу мүддесіне қатысты басқа ақпарат жарияланбайды,– деп хабарлады Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы