Ақтауда жаңа мешіт ашылды

11 Маусым 2022, 09:35
3677
Бөлісу:
Ақтауда жаңа мешіт ашылды
PHOTO

Маңғыстау облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақтауда жаңа мешіт бой көтерді. Жаңа шағын аудандағы құлшылық үйінің ашылуына еліміздің бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы келді.

Алла үйінде бір мезгілде мың адам намаз оқи алады. Мешіт аумағы 1200 шаршы метр, 3 қабатты. Намаз оқуға арналған орындармен қоса, неке қиюға арналған және дәріс бөлмелері бар. Енді жаңа мешіт ішенен жазғы курстар ұйымдастырылып, апатсына 3-4 күн діни сабақтар жүргізілмек. Жаңа мешітке орталық мешіттің наиб мамы бас имаман болып тағайындалды. 

Ақтауда жаңа мешіт ашылды

Ержан Хазірет аталатын  мешіт жаңа шағынауданнан ашылды. Қазір Ақтау кеңейіп жатыр. Ал қалада осыған дейін тек екі мешіт болды. Жаңа шағынаудандарда құлшылық үй болмаған. Енді бұл жақтағы жамағат үшін мешіт бар. Мешітте бір уақытта 1000-1200 адам еркін намаз оқи алады. Былай айтқанда заманауи жабдықтармен жабдықталған,- дейді "Ержан хазрет" мешітінің имамы Ахледин Асқар . 

Сондай-ақ осы күні Ақтауда бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен батыс өңірі ақсақалдарының форумы өтті.  Ақсақалдар кеңесінің жұмысын жүйелі жүргізіп, қазақтың ертеден келе жатқан ақсақалдар институтына серпін беруді көздейді. Айта кетейік, жыл басында Ақсақалдар кеңесі құрылған болатын. Ал жиында Бас мүфти көптеген мәселелердің оңтайлы шешімін табуына себепкер болып келе жатқан қазыналы қариялардың қоғамдағы рөліне тоқталды.   

Ақтауда жаңа мешіт ашылды

Жаһандану заманында өмір мектебінің сан түрлі сатысынан өткен, көпті көрген, көргенін көкейге түйген ақсақалдар кеңесі ауадай қажет. Себебі, біз болмысымыздан бір сөзбен елдің құнын кешірген, қай заманда да жүйелі сөзге тоқтаған халықпыз. Сол себепті ел мүддесі үшін бірігіп қызмет етуге шақырамыз- дейді бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы . 

Өзгелердің жаңалығы