Ақтауда жаңа 50 спорт және 80 балалар ойын алаңын салу жоспарланған

Бөлісу:
Ақтауда жаңа 50 спорт және 80 балалар ойын алаңын салу жоспарланған
Фото: BAQ.KZ.

Маңғыстау жаңалықтары Ақтауда биыл жаңа 50 спорт және 80 балалар ойын алаңын салу жоспарланды. Бұл туралы тұрғындармен кездесуде Ақтау қаласы әкімінің міндетін атқарушы Нұртас Сали айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазір Ақтау қаласында 319 балалар ойын алаңы және 117 спорт алаңы бар. Оның басым бөлігі ауыстыруды қажет етеді.

Биыл қала аумағындағы тозығы жеткен балалар ойын алаңдарын және спорт алаңдарын жаңарту мақсатында 80 балалар ойын алаңын және 50 спорт алаңын орнату жоспарланды. Қазіргі таңда мердігер мекемемен келісімшарт жасақталып, тізімге сәйкес тиісті жұмыстар басталып жатыр. Сондай-ақ, былтыр «Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша 50 және одан жоғары дауыс жинаған он жоба сараптамалық кеңестің оң шешімін алған. Жоба аясында 6 балалар ойын алаңын, 6 спорт алаңын, 2 дана жаттығу(тренажер) және воркаут алаңын салу жоспарланып отыр. Сонымен қатар жаяу жүргіншілер жолы мен көгалдандыру жұмыстары жасалады. Мердігер мекеме құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Биыл жоба аясында 50 және одан жоғары дауыс жинаған он жоба 2025 жылы іске асырылатын болады, - деді Ақтау қаласы әкімінің міндетін атқарушы Нұртас Сали.

Өзгелердің жаңалығы