Ақтаудағы «Ана мен бала» орталығында үшем жарық дүние есігін ашты. Шақалақтардың есімі Алина, Адина және Ясмина, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Салмақ жинағанша әзірге дәрігердің бақылауында болады. 24 жастағы анасының да жағдайы жақсы. Тұрмысқа ерте шыққанымен бала сүюдің сәті түспепті. Жақындарымен ақылдаса келе былтыр жасанды ұрықтандыру әдісін қолданған. Сәбилер жүктіліктің 32-ші аптасында операциялық жолмен өмірге келеді.
Өткен жылы Маңғыстау облысына мемлекеттік «Аңсаған сәби» бағдарламасымен 267 квота бөлінді. Бүгінге дейін 68 әйел жасанды жолмен бала көтеріп, босанған.
Біз басында егіз болады деп ойладық. 12 аптаға барған кезде үшем екенін білдік. Қазіргі қыз-келіншектерге айтарым: әр бала өз несібесімен келеді. Сондықтан да ештеңеден қорықпай, баланы өмірге алып келгенін қалаймын қыздардың, - дейді үшемнің анасы Гүлдана Сахи.
Осы қаңтар айында 600-ден аса бала дүниеге келген.
Өткен жылы біздің орталықта 9 мыңға жуық нәресте дүниеге келді. Оның ішінде 177-сі егіздер болды. Екеуі үшем. Осы қаңтар айында 600-ден аса бала дүниеге келді. Соның ішінде 10-ы егіздер, - дейді облыстық перзентхана директорының орынбасары Ақшолпан Балмағанбетова.