Ақтауда Ұлттық ұлан жауынгерлері көлік иесіне көмек көрсетті

5 Тамыз 2022, 21:30
1398
Бөлісу:
Ақтауда Ұлттық ұлан жауынгерлері көлік иесіне көмек көрсетті

Ақтау қаласында орын тепкен 6656 әскери бөлімінің жауынгерлері жолда сынып қалған көлік иесіне көмек көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шаһардағы 11 шағын ауданда патрульдеу бағытына шыққан әскери жасақ жол жиегінде тоқтап тұрған Волга көлігін байқайды. Иесімен сөйлесе келе, оған көмек көрсетеді. 

Әскери жасақ бастығы қатардағы Әбсамат Алғабай  және патрульшілер қатардағы Жұмаберген Бисембаев пен Сохибжон Азимбаев бұзылған көлікті итеріп, қауіпсіз жерге дейін жеткізеді. Сол арқылы көшедегі кептелісті сейілтіп, қала тұрғындарының жүруіне жол ашады.

Біз тек қана қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етумен шектелмеуіміз керек. Қажет болса, халыққа үнемі көмек қолын созамыз. Өйткені, Ұлттық ұлан ел ішінде жүретін, елді қорғайтын, көмектесетін  халықтық әскер,-дейді Әскери жасақ бастығы қатардағы Әбсамат Алғабай.

Өзгелердің жаңалығы