Ақтауда теңіз әскерінің дайындығы пысықталды

Бүгiн, 08:28
128
Бөлісу:
Ақтауда теңіз әскерінің дайындығы пысықталды
Фото: скрин

Ақтауда теңіз әскерінің дайындығы пысықталды. Әсіресе, әскери кемелер отряды түрлі қарудан оқ жаудырып, сарбаздар суда жүзушілер мен қалқымалы миналарды көздеді. Сондай-ақ жерүсті объектілерін де дәлдеп, оқ атып көрді, деп хабарлайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аlmaty.tv жазуы бойынша,а оқу-жаттығуға 100-ге жуық әскери қызметкер қатысқан.

21 814 әскери бөлімінің сарбаздары өткізген оқу-жаттығу аясында зениттік зымырандардың көмегімен әуе шабуылына да тойтарыс берілді.

Айта кетейік, жауынгерлік жаттығулар жеті күнге созылып, оған 100-ге жуық әскери қызметкер қатысқан. Бұл іс-шаралар сарбаздардың жауынгерлік деңгейін арттыруға, еліміздің теңіз мүдделерін қорғау бойынша тапсырмаларды орындауға дайындығын көрсетті.

Жиын жорық барысында төзімділік үшін күрес, су астында диверсияға қарсы қорғаныс, әуе шабуылына тойтарыс беру тәжірибелік жаттығулар өткізілді. Жиын жорық кезінде кеменің жеке құрамы жауынгерлік даярлығын машықтап, жоғары деңгейде өздерінің кәсіби біліктіліктерін көрсете білді. Әскери теңіз күштері, Каспий теңізі, Қазақстан секторын қорғауға әрдайым дайын, - деді «Маңғыстау» зымыран артиллериялық кемесінің командирі Ермекбай Оспанов.

Өзгелердің жаңалығы