Ақтауда Тамыз конференциясы өтті

24 Тамыз 2022, 21:09
1898
Бөлісу:
Ақтауда Тамыз конференциясы өтті
PHOTO
Фото: автордан

Ақтауда педагогтердің облыстық тамыз кеңесі конференциясы өтті. "Білімді ұрпақ: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық" тақырыбында өткен жиында өңірдегі болашақ мектептің моделін жоспарлау, креативті педагогикалық контентті әзірлеу, білім берудің концептуалды негіздерін таныстыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Маңғыстау облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Соңғы 5 жылда өңірдегі оқушылар саны 38 мыңға артты. 3 ауысымды оқуды жою мақсатында биыл облыста 2 мектеп пайдалануға берілмек.Оның бірі Ақтау қаласындағы 1200 орындық, екіншісі Мұнайлы ауданынан садынған 600 орындық білім ордасы. Сонымен қатар өңірде 5 мың орындық 5 мектептің құрылысы жүріп жатыр.

Жыл соңына дейін екі мектеп, жекі жапсырма мектеп пайдалануға беріледі. Сонымен қатар осы жылы 11 жекеменшік мектеп ашылады. Қолдауды қажет ететін 35 мың оқушыға жалпы міндетті оқу қорынан құны 1 млрд 400 млн теңге қаралды. Сонымен қатар «мектепке жол» акциясы аясында өңір кәсіпкерлері 8 мың оқушыға, «Самрұқ қазына» компаниясы 7366 оқушыға әлеуметтік көмек көрсетті, – деді жиында сөз алған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ұлықбек Тналиев.

Оқушыларға сапалы білім беру – басты назарда. Осыған байланыста педагогтерге де үлкен міндет жүктелген. Облыстық білім басқармасының басшысы Динара Жұмашеваның айтуынша, еліміз жалпы білім беру жүйесін жетілдірудің жаңа кезеңіне аяқ басты. Сондықтан облыста 2030 жылға дейінгі кезеңді қамтитын білім саласын дамытудың 8 стратегиялық бағыты жасақталған.

Ақтауда Тамыз конференциясы өтті

Мектепке дейінгі тірбие мен оқыту, орта білім, қосымша білім, арнайы білім, техникалық және кәсіптік білім, адами капитал білім саласын басқарудың жаңаша форматы және инфра құрылым. Сонымен қатар еліміз орындауға міндеттелген Біріккен ұлттар ұйымының 2030 жылға дейін тұрақты даму бағдарламасының 17 негізгі бағыты белгіленген болатын. Соның ішіндегі білім саласына тікелей қатыстысы – 4 сапалы білім беру бағыты. Оның басты ұстанымы – әлеуметтік мәртебесіне, денсаулығына, мүмкіндігіне, тегіне қарамастан ешкімді шектетпей, білім берудің барлық дегейінде тең сапалы білім алуға қолжетілімділікті қамтамасыз ету, – дейді облыстық білім басқармасының  Динара Жұмашева .

Биыл өңірдегі 21 мектепке жөндеу жүргізіліп, жаңа мотификациялық кабинеттермен жабдықталған. Ал жалпы облыс басшылығы 2023-2025 жылдарға дейін өңірде 27 мектеп салынатынын айтады. Оған қоса мемлекеттік «Жайлы мектеп» жобасы аясында тағы 9 білім ордасын тұрғыу жоспары бар. 

Ақтауда Тамыз конференциясы өтті
Өзгелердің жаңалығы