Ақтауда шомылуға тыйым салынған жерлерде соңғы бес жылда 16 адам қайтыс болды

11 Маусым 2024, 04:40
427
Бөлісу:
Ақтауда шомылуға тыйым салынған жерлерде соңғы бес жылда 16 адам қайтыс болды
Фото: baq.kz

Жыл басынан бері суға түсуге тыйым салынған орында бір адам қайтыс болды. Төтенше жағдайлар басқармасы суға тыйым салынған жерлерде шомылмауды және қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керектігін ескертеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы қала аумағында суға түсуге тыйым салынған орындар: Шора су каналы (ұзындығы 100 метр және ені 20 метр); 4 шағынауданда орналасқан «Caspian Riviera Grand Palace» қонақ үйінен бастап 5 шағын аудандағы Тарас Шевченко ескерткішінен төмен түсу бағытына қарай жағалау аймағы(ұзындығы 300 метр және ені 20 метр); МАЭК ЖШС-нің су каналының жағалау аймағы(ұзындығы 3800 метр және ені 120 метр).

Судағы қауіпсіздіктің бірқатар ережелері бар. Атап айтқанда, шомылуға жабдықталмаған жерлерде суға түспеу, мас күйде шомылмау, балаларды шомылу орындарында қараусыз қалдырмау қажет. Сондай-ақ, шомылу кезінде жағадан алыс жүзуге, тыйым салынған жерлерде шомылуға болмайды. Бұл қарапайым ережелер сіздің және жақындарыңыздың жазғы демалысты қауіпсіз өткізуіне көмектеседі. Төтенше жағдайлар басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарынан қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұрайды, - деді Ақтау қалалық төтенше жағдайлар басқармасы азаматтық қорғаныс тобының офицері Азамат Тулеганов.

Өзгелердің жаңалығы