Ақтауда полицейлер екі ер адамнан 79 келіден астам марихуана тәркіледі

11 Шілде 2024, 16:23
319
Бөлісу:
Ақтауда полицейлер екі ер адамнан 79 келіден астам марихуана тәркіледі
Фото: polisia.kz

Ақтауда полицейлер екі ер адамнан 79 келіден астам марихуана тәркіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Арнайы операция барысында тәртіп сақшылары екі ер адамды анықтап, ұстады. Олардың көлігін тінту барысында, салмағы 79 келі 138 грамнан асатын марихуана салынған 27 полиэтилен пакеті және есірткі заты тәркіленді. 

Сондай-ақ салмағы 59 грамм гашиш табылды. Есірткі, психотроптық заттарды заңсыз алу, сақтау және тасымалдау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу қорытындысы бойынша күдікті сотқа жеткізілді.

Өзгелердің жаңалығы