Ақтауда пәтерден екі адамның мәйіті табылды

17 Тамыз 2022, 22:27
911
Бөлісу:
Ақтауда пәтерден екі адамның мәйіті табылды

Маңғыстау облысында көпқабатты үйдің пәтерінен ер адам мен әйелдің мәйіттері табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгін сағат 10:40 шамасында «102» кезекші пультіне 14 шағынаудандағы пәтерлердің бірінен ер мен әйел адамның мәйіттері табылғаны туралы шақыру түскен.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы, Полиция департаментінің және прокуратураның басшылығы барды. 28 жастағы күдікті «ізін суытпай» анықталып, ұсталды. Ол Ақтау қаласы Полиция басқармасына жеткізілді, - делінген полиция мәліметінде.

 Аталған дерек ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді. Тергеу жүріп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

Өзгелердің жаңалығы