Ақтауда өрт сөндіру-құтқару спортынан турнир басталды

26 Мамыр 2022, 15:43
1678
Бөлісу:
Ақтауда өрт сөндіру-құтқару спортынан турнир басталды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтау қаласындағы «Жас Қанат» спорт кешенінде өрт сөндіру - құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының кубогына арналған турнирдің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлады Маңғыстау облысы ТЖД. 

Салтанатты ашылу рәсіміне Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Б.Т. Орынбасаров, чемпионаттың бас төрешісінің орынбасары, ҚР «Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорт федерациясы» қоғамдық бірлестігі атқарушы комитетінің директоры Д.Т. Данаев қатысты.

Жарысқа 9 облыс және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары департаменттерінің командалары, сондай-ақ Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының құрама командасы және 12 әйелдер командасы қатысады.

Командаларды таныстырғаннан кейін Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы М.Қараев ТЖД бастығы М. Мұхановқа турнирдің басталуына дайындық туралы баяндады.

Ақтауда өрт сөндіру-құтқару спортынан турнир басталды

Салтанатты ашылу рәсімінің соңында Дәурен Төлегенұлы өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша турнир – бұл шын мәнінде ауқымды, жарқын спорттық оқиға, ол қызметкерлерді жинақылыққа, ұйымшылдыққа, өз еңбегінің түпкілікті нәтижелері үшін жоғары жауапкершілікке тәрбиелейді.

Турнирдің салтанатты ашылуынан кейін қатысушылар кедергілері бар 100 метрлік жолақтан өту бойынша жартылай финалдық және финалдық жүгірістерге кірісті. Жүгіру жарысы арасында турнир қонақтары мен қатысушыларына өнер училищесінің студенттері, би топтары өнер көрсетті.

Ақтауда өрт сөндіру-құтқару спортынан турнир басталды

Әйелдер арасында Дзолба Оксана (Алматы қаласы), ал ерлер арасында Дусказинов Фахад (Маңғыстау облысы) жеңімпаз атанды.

Турнирдің екінші жарыс күнінде командалар оқу мұнарасының 2-4 қабатына шабуыл сатысымен көтеріледі. Келесі күндері жауынгерлік өрістету жарыстары өтеді.

Өзгелердің жаңалығы