Ақтауда оқушылар сарайы салынып жатыр

19 Маусым 2022, 11:47
1889
Бөлісу:
Ақтауда оқушылар сарайы салынып жатыр

Маңғыстау, BAQ.KZ тілшісі Ақтауда 17-шағынауданда оқушылар сарайы салынып жатыр.

Құрылысы 2023 жылы бітеді деп жоспарланған. Жоба NCOC компаниясының демеушілігімен іске асып жатыр.  

Ғимарат ішінде спорттық-техникалық аймақ, модельдерді сынауға арналған кордодромдар және зымырандар ұшыру алаңы болады. Сонымен қатар, сурет, фото-видео шеберханалары, хореография, музыка сыныбы, көрме залы, жазба студиялары жоспарланған. 700 адамға арналған акт залымен  көрме, театр залдар, кітапхана да қарастырылған. Оқушылар сарайы күніне 1000-нан астам баланы қабылдай алады. 

Бұл компанияның Маңғыстауда қолға алған алғашқы жобасы емес. 1998 жылдан бері аталған компания Маңғыстау облысында 113 жоба жүзеге асырған. Олардың қатарында мектеп, аурухана, балабақша, спорттық ннысандар бар. Ол үшін компания 425 млн доллары жұмсаған.

Аталған жобалардың Маңғыстау өңірі үшін маңызы зор. Мәселен, 2021 жылы Ақтау қаласында 100 орындық онкологиялық диспансер құрылысын жүргіздік. Мақсат - онкологиялық науқастарды уақытында және ерте анықтау. Сапалы медициналық қызмет көрсету. Ол жер бір ауысымда 75 адам қабылдай алады.  100 орынды, 4 блоктан тұрады, - деді NCOC компаниясының әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар бөлімінің менеджері Руслан Әубекеров.

Ақтауда соңғы жылдары бой көтерген екі ірі нысан «Бокс орталығы» мен  «Мәдениет орталығы» кешені де осы компанияның демеушілігімен іске асқан. 

Өзгелердің жаңалығы