Маңғыстау облысы, BAQ.KZ тілші. Ақтауда “Балалар жылына” және қазақтың ұлы жазушысы, Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына орай, оқушылар арасында алғаш рет дебат турнирі өтті. Жүлдегер атанған 10 оқушыға жазушының туған жері Семей қаласына экскурсияға жолдама берілді.
¤Алғаш рет ұйымдастырылған оқушылар сайысына алынған тақырып- "Абайды танытқан Мұхтар ма, Мұхтарды танытқан Абай ма?". Тақырыпты ашып, пікірін дәлелдеу оқышылар жазушының "Көксерек" және "Қараш-қараш" шығармаларымен танысқан.
Дебат тек әдемі сөйлеуге ғана емес оймызды ашық жеткізуге мүмкіндік береді. Тіл байлығымызды жетілдіріп, әдебиетке деген қызығушылықты да арттырдық. Мәселен мен Мұхтар Әуезовтің шығармашылығымен танысып, көп жаңалық аштым,- дейді дебат қатысушысы Тумарис Алламурадова
Қазіргі таңда қаладағы барлық мектепте дебат үйірмелері жұмыс жасайды. Мақсат - тек оқушылардың шешен сөйлеуі ғана емес, сонымен қатар олардың бойында саяси мәдениет қалыптастырып, сыни ойлау қабілетін дамытып, машықтандыру.
Қала мектептеріндегі дебат сайысын дамыту мақсатында тірнирді дәстүрге айналдырғымыз келеді. Сол арқылы балалрдың тек шешен сөйлетіп қанай қоймай, кітап оқуға деген ынтасын оятуды көздеп отырмыз. Осы жол қала мектептерінің 150-ден аса оқушысы белсенді түрде ат салысты. Жылма-жыл қатары артады дегенге сенміз,-дейді Ақмарал Озғанбаева Ақтау қалалық оқу-әдістемелік орталығының директоры .
Дебат турнирінде үздік шыққан 10 оқушыға Семей қаласына экскурсияға жолдама берілді. Білім бөлімі дебат турнирін дәстүрге айналдырып, жыл сайын шәкірттерге еліміздің әр қаласына саяхаттауға мүмкіндік бермек.