Ақтауда ірі контрабанданың ұйымдастырушысы сотталды

Кеше, 09:34
220
Бөлісу:
Ақтауда ірі контрабанданың ұйымдастырушысы сотталды
Фото: архив

Ақтау қалалық соты Қазақстан азаматын қылмыстық топ құрғаны және оған басшылық жасағаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айыруға үкім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ Бас прокуратураға сілтеме жасап.

2016-2018 жылдар аралығында адамдар тобы құрылыс материалдарын жеткіземіз деген желеумен Ираннан Қазақстанға кеден шекарасы арқылы құны 1 млрд теңгеден асатын темекі мен табак тасымалдаған. 

Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы халықаралық іздеуде болып, Әзірбайжан Республикасынан экстрадицияланды. Топтың қалған мүшелері бұған дейін әртүрлі жазалар үшін жауапқа тартылған болатын. 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Өзгелердің жаңалығы