Ақтауда есірткі жарнамасын таратқандар ұсталды

Кеше, 13:18
222
Бөлісу:
Ақтауда есірткі жарнамасын таратқандар ұсталды
Фото: Арман Мухатов - архив

Қаңтардың тоғызында Ақтауда полиция қызметкерлері Telegram мессенджерінде есірткі дүкендерінің сілтемелері бар парақшаларды жапсырып жүрген 42 және 33 жастағы тұрғындарды ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұдан бөлек, парақшаларда есірткіні жеткізуші немесе таратушы болып, жұмысқа орналасу туралы ұсыныстар да болған. Полиция тұтқындаған тұрғындар жұмыссыз болған, бұған дейін заңсыз есірткі айналымы үшін бірнеше рет жауапкершілікке тартылған.

Ұсталғандардан маркерлер, жарнама парақшалары және мобильді телефондар тәркіленді. Телефондардан “оператормен” жазысқан хаттар мен әрекеттерін үйлестірген фотосуреттер табылды. Есірткіні заңсыз жарнамалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады Маңғыстау облысының Полиция департаменті.

Жарас Мақсатұлы

Өзгелердің жаңалығы